Жасыл экономика. Қалдықтарды сұрыптап жинау

your-happy-life.com

Щучье-Бурабай курортты аймағы еліміздің экологиялық таза аудандар қатарында. Онда өзгелерде жоқ қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптап жинау жүйесі жұмыс істейді.

Заңды тұлғалармен бұл жүйені ретке келтірген кәсіпорын енді жеке меншік секторменде осы жұмысты одан әрі дамыта түспек. Әзірге қалдықтарды сұрыптау ісі полигонға жіберілетін қоқыс көлемін 70%-ға азайтуға мүмкіндік беруде. Шучье-Бурабай курорты аймағындағы қалдықтарды сұрыптап жинау әдісі 3 жылдан бері жұмыс істейді.