Жасыл экономика. Жер құнарының бүгінгі жайы
Топырақ қабатының тозуы, оның құнарын еселеп азайтады.
Бүгінде әлемдегі жердің тек 22 пайызы ғана ауыл шаруашылығы үшін жарамды екен. Ал елімізде 24 млн гектар жер егістік үшін пайдаланылады. Азық-түліктің 95 пайызының көзі осы жер екендігін ескерсек, оның азып-тозуына тосқауыл болатын шаралар керек-ақ. Жер деградациясын тоқтау үшін қанша қаржы қажет? Оған ғылымның әлеуетін қолданып қол жеткізе аламыз ба? Бүгінгі таңда сортаң жерлерді игеруге арналған қандай технологиялар әзірленіп жатыр?