Жасыл экономика. Климаттың өзгеруімен қалай күресу керек?
Жаһандық жылынуды 2 градусқа тежеу. Бұл Парижде өтетін 21-ші конференцияның негізгі мақсаты.
Қорытынды келісім климаттың өзгеруімен күрес мәселесінің жаңа кезеңі болады деп күтілуде. Келісімнен бөлек конвенцияға мүше әр мемлекет өз мойнына парниктік газдарды азайту жөнінде қосымша міндеттеме алады. Бүгінде 150-ден астам ел осыған қатысты өздерінің мақсатты көрсеткіштерін жолдап үлгерді. Оның ішінде Қазақстан да бар.