Жасыл экономика. Болашаққа бастар «жасыл» көпір
2011 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының 66-сессиясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Жасыл көпір» серіктестік бағдарламасын баршаның назарына ұсынды.
Президенттің бастамасы көпшіліктің қолдауына ие болды. БҰҰ «Рио+20» Бүкіләлемдік саммитінде де әлем елдері басшыларының мақұлдауымен қабылданып, орнықты дамудың аймақаралық жоспары деп танылды. Бүгін де Президенттің бағдарламасы қарқын алып, бүкіл елді жарқын «жасыл» болашаққа бастады.