Жасыл экономика. Теңіз экожүйесі
Теңізге төгілген мұнай қалдықтары. Бүгінгі қоғамның көзі үйренген бұл табиғи апаттың салдары теңіз фаунасы мен флорасына қалай әсер етеді?
Каспий серіктестігі институтының сараптамалық баяндамасына сай жыл сайын теңізге 122 мың тонна мұнай қалдықтары төгілетін көрінеді. Ал егер ірі апат мұнай платформаларында болса, бұл көрсеткіш бірнеше есе арта түседі. Каспий аймағында апатты жағдай орын алғанда теңізге қандай қауіп төнуі мүмкін? Қазақстандық ғалымдар осы жағдайды есептеуге арналған арнайы жоба жасап шығарды. Ол экологиялық тәуекелдерді ескеретін жаңа технология.