Жасыл экономка. Жаңа жылда табиғатты ластамауға болады ма?
Жыл сайын бүкіл әлемде тойланатын мерекелерге қомақты қаржы жұмсалады.
Әшекейлер, жарық шамдар, түрлі акссесуарларды дайындау үшін миллиондаған ресурстар шығындалады. Олардың ішінде коммерциялық табысын еселейтін кейбірі жаңажылдық сыйлықтар әзірлеуде пластик өндірісін жандандырып, химиялық қоспалардан да аянып қалмайды. Жаңа жыл мерекесін экологтар мыңдаған кесілген шыршалармен, көз шағылыстырар шамдарға жұмсалған килловаттармен байланыстырады. Олар осы мерекені атап өтудің қоршаған орта үлесіне тиетін ауыр залалын азайтуға кеңес береді. Оны қалай жүзеге асыруға болады?