Музыкант Темірлан Шөкенов | Жаңа буын
"Жігітке жеті өнер де аз" демекші, "Жаңа буын" бағдарламасының бүгінгі кейіпкері - музыкант Темірлан Шөкенов. Өнерлі жас азамат Қалибек Қуанышбеков атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театры ансамбльдерінің бірінде перкуссионист болып жұмыс істейді. Осы шығарылым домбыра, шылдырмақ, сыбызғы, дабыл, дарбука, кахон сынды аспаптарда ойнайтын сегіз қырлы, бір сырлы инструменталист жайында.
"Жаңа буын" бағдарламасының өзге шығарылымдарын мына сілтеме арқылы кіріп көре аласыздар.