387,14 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жасыл экономика. Алматы қаласының маңындағы экоферма

  • 949

Жасыл технологиялармен жасақталған жылыжайлар, биогаз және күн қондырғылары бар ғимараттар. Бұл – Алматы қаласының маңындағы Кемертоған ауылындағы экоферма. Кезінде қоршаған ортаны қорғау мәселесін жіті зерттеген Денис Тен Америкаға барып, экология ілімін және шаруашылықты тиімді жүргізудің әдістерін үйреніп келіп, осындай ферма құрған. Мұндағы әрбір аядай жер жаңа технологиямен жасақталған. Тіпті жануарлардың ерекше үйшіктері бар. Арасындағы ең ауқымды құрылыс - экоматериалдардан жасалған дөңгелек үй. Жазда бұл нысан аптап ыстықтан, қыста аяздан қорғайды.

Хабар 24 телеарнасы