Жерұйық. «Елікті» тау-шаңғы базасы
Біздің саяхатымыз Көкшетау қаласынан 20 шақырым қашықтықта орналасқан Елікті тауы бөктеріндегі демалыс орнында жалғасады. Бүгінгі таңда «Елікті» тау-шаңғы базасында шаңғышылар мен сноубордистерге арналған 54 жол бар. Сонымен қатар фристайлға жаны құмар жандар үшін де қолайлы жағдай жасалған. Бір сөзбен айтқанда, қарапайым демалушы да, экстремалды спортшы да осы жерден өз іздегенін табады.