Жігерлі жүрек. Алғашқы паралимпиялық биатлоншы
Қайрат Қанафин шаңғы спортынан Ұлттық құрама командасының мүшесі.
Сочиде өткен қысқы Паралимпиада ойындарының қатысушысы көзінің нашар көретініне қарамастан талайды шаң қаптырып жүр.
Ол Солтүстік Қазақстан облысының Амангелді ауылында дүниеге келген. 20 жасынан туған жерінде егін шаруашылығымен айналысты. 1997 жылы комбайншы болып жұмыс істейтін Қайрат абайсызда өндірістік жарақат алды. Салдарынан көзі мен бетіне зақым келді. Жасалған бірнеше операция оның жанарын қайта қалпына келтірмеді. Алайда ол еш мойымай тек алға ұмтылды.