Жігерлі жүрек. Жастарға жігер берген бапкер
Бауыржан Тахауовтың жалғыз аяқпен жүргеніне 25 жылдан асты.
Өмір жолын теміржолмен байланыстырған жоғары білімді механик 22 жасында мүгедек атанды. Шойын жолдың ақауын тексеріп жүрген кезде келген пойызды байқамай қалған. Салдарынан бір аяғынан айырылды. Алайда ол жарақатты жаратқанның жазғаны деп қабылдап, ары қарай қадам басты. Бүгінде ол отырып ойнау волейболынан Атырау құрамасының бас бапкері. 2007 жылы команданы өзі жасақтаған. Қазір ойыншыларының басымы Қазақстан құрама сапында шетелде өнер көрсетіп, елдің мерейін асқақтатып жүр. Сондай-ақ кейіпкеріміз Ақтөбеде, одан кейін Атырау облысында мүгедектер қоғамын ашты. Қазір осы мекеме арқылы қаншама мүмкіндігі шектеулі жандар жұмыспен қамтылды. Толығырақ бүгінгі шығарылымда.