Жігерлі жүрек. Әсемдікті жаны сүйетін Асыл Қоқанова

Ол Астанадағы қарттар мен мүгедектер үйіне осыдан 2,5 жыл бұрын өз еркімен келді.

Бойжеткен зейнеткерлікке шыққан ата-анасын аяды. Әрі осында өзі тағдырлас жандармен танысып, өнер үйренуді мақсат тұтты.  

Асыл қоларбаға 24 жасында таңылды. Белгісіз біреулер үйіне өрт қойып, есіктен шыға алмаған ол 2-қабаттан секіруге мәжбүр болған. Салдарынан жүре алмай қалды. Бірақ ол жігерін мұқалтпады.

Бойында ерекше таланты бар Асыл бала күнінде қолөнермен айналысқан, өсе биші-спортшы болуды армандапты. Бүгінде ол оригами өнерімен шұғылданады. Тіпті сайыстарға қатысып, 1-орынды да иемденген. Үстел теннисі мен биге де жаны құмар. Ән де айтады.

Кейіпкеріміз жайлы толығырақ бүгінгі шығарылымнан көре аласыздар.