Жігерлі жүрек. Тағдырына өкпелемегендер ғана өмірден өз орнын табады
Алматылық Айман Қалқанбаева «Шырақ» мүгедек әйелдер қауымдастығының көмегімен кәсібін жандандырып отыр.
Күніне кем дегенде 5 көйлекке тапсырыс алады. Киімді әр адамның талғамына сай, сапалы етіп тігеді. Оның шеберханасынан адам аяғы үзілген емес. Кейіпкеріміз істі тек 2 саусағымен ғана тігеді. Қалғаны епке келмейді. Бұл өзгеріс 13 жасқа толғанда байқала бастаған. Аяқтарын сылтып басқан жасөспірімге дәрігерлер диагнозын түсіндіріп бере алмады. Ол ауруының себебін анықтау үшін медицина колледжіне оқуға түсті. Жұмысқа орналасты. Өзгелерге көмектесе жүріп, 10 жылдан кейін ғана өзінің өте сирек кездесетін шарко-мари-тута ауруы мен ревматикалық артритпен ауратынын білді. Бірақ ол еш мойымады. Өмірде өз орнын табуға Айманға сүйікті кәсібі көмектесті. Кейіпкеріміз жайлы толығырақ бүгінгі шығарылымнан көре аласыздар.