Жігерлі жүрек. Адам өз жетістігімен бөліссе, қуанышы еселенеді

«Мүмкіндігі шектеулі азаматтардың болашағы үшін қаражатты аямау керек» – дейді бүгінгі кейіпкеріміз Мұрат Әбдімомынов.

Бозбала шағында басынан жарақат алған Мұраттың көз тамырына зақым келген. Салдарынан көру қабілетінен айырылды. Алайда ол көзі көрмесе де, адам баласын жүрегімен жазбай танитын жан.

Студент кезінде көп қиындыққа тап болған кейіпкеріміз мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселесін жақсы түсінеді. Сондықтан барлығын терең талқылауға дайын. 1995 жылы ол достарымен бірігіп Тараз қаласында «Мүгедек жастар қоғамын» құрды. Елімізде алғаш рет мемлекеттік емес ұйым мүмкіндігі шектеулі жастардың жоғарғы оқу орнында білім алуы бойынша әлеуметтік тапсырыс алды. Сондай-ақ Мұрат Әбдімомынов жарымен бірге мүгедек жастардың уақытын тиімді өткізетін орталық ашуды мақсат етті. Бүгінде сол ойлары жүзеге асты. Орталықтың Астанада жұмыс жасап жатқанына 1 жылдай уақыт болды. Кейіпкеріміз жайлы толығырақ бүгінгі шығарылымда тарқатамыз.