Жігерлі жүрек. Біржан Қожақов: «Басты мақсат – мүгедектерді жұмыспен қамту»

44 жастағы Біржан Қожақов Орал қаласының тұрғыны. «Ғибадат» компаниясының басшысы.

Жиһаз жасау кәсібін осыдан 13 жыл бұрын қолға алды. Бүгінде ұмытылып бара жатқан қазақы оюлармен әрленген оларға тапсырыс еліміздің барлық қалаларынан түседі. Ол өзі тағдырлас жандарды жұмыспен қамтуды көздейді. Келіп жатқан жағдайда жұмыс өтілінсіз қабылдайды. Бүгінде оның компаниясында жұмыс істейтін 40-қа жуық адамның 17-сі мүмкіндігі шектеулі жандар. Ал Біржан Қожақов мұндай күйге жол сақшысы болып жүргенде тап болды. Аяғын үсік шалған 30-дан асқан жігіт ауруханадан қоларбамен шықты. Десек те жігері мұқалмады. Толығырақ бағдарламадан көре аласыздар.