Жігерлі жүрек. Пауэрлифтингтен халықаралық дәрежедегі спорт шебері

Гүлбану Абдыхалықова Талдықорған қаласының тұрғыны.

Мүмкіндігі шектеулі жандардың арасында пауэрлифтингтен Қазақстанда үздік спортшы саналады. Қоларбада отырып ол алғашында 52 кг зілтемірді көтерсе, қазір 82 кг бағындыратындардың арасында чемпион.

Ол 21 жасында жол апатына ұшырап, қатты соққыдан бел омыртқасын зақымдады. Алайда қоларбаға таңылған Гүлбанудың салы суға кетпеді. Оны інісі спортқа үйретті. Бүгінгі таңда жеткен жетістіктері көп кейіпкеріміз жайлы осы шығарылымда толығырақ танысасыздар.