«Күрделі жөндеу көрмеген». Семейдегі танымал көпірдің бүгінгі ахуалы алаңдатады

Семей дегенде ойымызға Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мұхтар Әуезов оралады. Халқымыздың маңдайына біткен небір талантты тұлғалардың кіндік қаны тамған киелі мекен. Алайда аймақты әйгілі ететін тағы бір дүние ол - аспалы көпір. «Жол Kz» бағдарламасы бүгін ТМД-дағы теңдесі жоқ құрылыстың қазіргі жай-күйін көрсетеді.