Қазақстан - Өзбекстан трансшекаралық тас жолының ахуалы қалай?

«Жол KZ» бағдарламасы киелі Түркістан облысы Сарыағаш ауданына келдік. Дәл осы аралық Шымкент – Өзбекстан шекарасы тасжолы көлденең кесіп өтіп жатыр. Жалпы ұзындығы 98 шақырымнан асады. Ол бұрынғы алыс-беріс, барыс-келістің қайнар көзі болған Ұлы Жібек жолының бір тармағы. Ендеше бүгін біз еліміз үшін маңызды магистралды бағыт Шымкент-Өзбекстан шекарасы тас жолы жөнінде айтамыз.