Жол саласында маман тапшы

Жол салу – жүгі ауыр жұмыс. Себебі айтылар сын да, мін де көп. Төсеген асфальттің ақ қар, көк мұзға, аптап ыстық пен қақаған аязға төтеп беруі маңызды. Алайда көп жағдайда бұл үдеден шыға бермейміз. Десе де ауызды қу шөппен сүртуден аулақпыз. Елімізде жол сапасын арттыруға жауапты білдей мекеме бар. Бүгін біз сондағы мамандармен тілдесеміз.