Дәурен Абаев ЕХРО-2017 құрамы мен орталық БАҚ басшыларымен жиналыс өткізді

ҚР Ақпарат және коммуникация министрі ЕХРО-2017 көрмесі аясында жиналыс өткізді. 

ЕХРО-2017 ұйымдастырушы кеңсесінде ҚР Ақпарат және коммуникация Министрі Дәурен Абаев және АҚ «Астана ЭКСПО-2017» ҰК Басқарма Төрағасы мен орталық бұқаралық ақпарат құралдары басшыларымен жиналыс өткізді. Ахметжан Есімов Елбасы 2015 жылдың 13 шілдесі берген тапсырмасын бұлжытпай орындаудың қажеттілігі көрменің сапалы өтуіне байланысты екендігін жеткізді.

Көрменің басты назары тарихи маңыздылыққа беріліп отыр. Сондай-ақ мамандандырылған көрме кезінде Қазақстанның халықаралық дәрежесін нығайтуға көп септігін тигізеді.

Сонымен қатар, кездесу барысында тағы бір басты нысан талқыланды. БАҚ өкілдері ЕХРО-2017 көрмесіне дайындықты сауатты әрі кәсіби түрде жүргізіп, басылымдар мен редакциялық саясаттың бірегейлігін қамтамасыз ету мәселелері қозғалды.

«Қазақстанның беделі бұл шараның қалай өтетініне байланысты екенін түсінеміз», - деп атап өтті Дәурен Абаев.

Кездесу қатысушыларының пікірінше, көрме дамуына байланысты кешенді бағдарлама дайындалып, ол қарапайым халыққа республикалық БАҚ өкілдерінің тұтыну қызығушылығы бойынша жұмыс жасайтын болады.