389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстан мен Франция Астананың 20 жылдығын бірге атап өтеді

  • Read 1604 times
  • Media
Қазақстан мен Франция Астананың 20 жылдығын бірге атап өтеді

Париждегі Гран-Пале көрме орталығында Қазақстанның мәдениет және спорт министрлігі мен Францияның ұлттық музей қауымдастығы серіктестікті кеңейту туралы келісімге келді.

«Рухани жаңғыру» мақаласының халықаралық тұсау кесері аясында мәдениет, өнер және мәдени мұраны сақтау туралы ынтымақтастық меморандумына қол қойылды. Келер жылы Астананың 20 жылдығына орай Франция қылқалам шеберлерінің туындылары Қастеев атындағы Қазақстанның ұлттық мұражайында қойылады. Ал отандық суретшілердің картиналары Францияның ең үлкен музейлеріне ілінеді.  

Сильви Убак, Франция ұлттық мұражайлар қауымдастығының президенті: 

- Францияның ұлттық мұражайы және Гран-Пале Қазақстанмен ұзақ жылдан бері бірге жұмыс істеп келеді. Астанада өткен ЕХРО-2017 халықарылық көрмесіне де қатыстық. Бүгін алдағы бес жылда серіктестігімізді кеңейту туралы меморандумға қол қойдық. 2018 жылы өтетін Астананың 20 жылдығына арналған жаңа жобаны да ашып жатырмыз. Сондай-ақ келер жылдың маусым айында Қазақстанда ұлы француз суретшісі Поля Серюзьенің көрмесі ашылады.

Media

back to top
Хабар 24 телеарнасы