387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада жергілікті театрлардың жаңа маусымы ашылады

  • Read 883 times
  • Media
Астанада жергілікті театрлардың жаңа маусымы ашылады

Жаңа қойылымдар елордамыздың 20 жылдық мерейтойына орайластырылмақ.

Бұл туралы бүгін қалалық әкімдікте өткен баспасөз жиынында өнер ұжымдарының жетекшілері хабарлады. Осылайша Максим Горький атындағы орыс драма театры маусымды «Евгений Онегин» спектаклімен бастамақ. Сахна шеберлері 300-ге жуық қойылым ұсынады. Оның төртеуі алғаш рет сахналанады. Ал «Жастар» театры 10 жылдық мерейтойында көркемдік жетекшісі Нұрқанат Жақыпбайдың 70 жылдығына орай үздік қойылымдар фестивалін ұйымдастырады. Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театры болса, көрермендер үшін 5 бірдей премьера дайындап отыр. «Сондай-ақ, «Рухани жаңғыру» тақырыбында да жаңа туындылар пайда болады», дейді театр директоры Айболат Сексенбаев.

Айболат Сексенбаев, Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрының директоры:

– 20 жылдыққа байланысты қазіргі таңда драматургтермен жұмыс жасау процесі жүріп жатыр. Біз драматургтармен 20 жылдық, Астананың көшуі, Астананың пайда болуы сынды тақырыптарда келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Қазіргі таңда жас режиссерлармен де жұмыс жасау қолға алынуда.

Media

back to top
Хабар 24 телеарнасы