389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астана қаласының 20 жылдығына арналған ең үздік логотипке конкурс жарияланды

  • Read 1997 times
Астана қаласының 20 жылдығына арналған ең үздік логотипке конкурс жарияланды advantour.com

7 қараша күні Қазақстан Республикасының Елордасы – Астана қаласының 20 жылдығына орай, үздік брендбук (BrandBook) конкурсы бойынша баспасөз мәжілісі өтеді.

Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы хабарлайды.

Қазақстан Республикасының Елордасы – Астана қаласының 20 жылдығын дайындау және өткізу жөнінде штабтың отырысында конкурсты өткізу туралы бірқатар ұсыныс қарастырылып, 6-27 қараша күндері аралығында 22 күнтізбелік күнге созылатын конкурс жариялау туралы ортақ пікір қабылданды.

Конкурсқа өтінімдер жеке және заңды тұлғалардан қабылданатын болады (шығармашылық топтар, жарнама агенттіктері мен фирмалар, суретшілер, сәулетшілер, жобалық ұйымдар, авторлық ұжымдар).

Сонымен қатар үздік брендбукті (BrandBook) таңдайтын сараптау комиссиясы құрылуда.

Конкурстың мақсаты – Қазақстан Республикасының Елордасы – Астана қаласының 20 жылдығына орай тарихи-мәдени сабақтастықты, сонымен қатар республика астанасының болашақ дамуының тенденцияларын ескеретін, қала имиджінің жаңаруына және оның өзіндік ерекшеліктерінің бекуіне әсерін тигізетін, брендбук, логотип пен ұран жасау бойынша жақсы концептуалды жобаларды анықтау.

Үздік деп танылған логотип пен ұран Қазақстан Республикасының Елордасы – Астана қаласының 20 жылдығын атап өту, ақпараттық себепті қалыптастыруға бағытталған жарнамалық, маркетингтік және басқа да шараларда әрі қаланың мәдени, туристік және әлеуметтік потенциалын жақсартуға пайдаланылады.

Конкурстың қорытындысы бойынша комиссия үздік бренбукті таңдап, жеңімпазға 8 млн теңге табыстайды.

back to top
Хабар 24 телеарнасы