388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астананың 20 жылдығына арналған ең үздік логотиптің авторы 8 млн теңгеге ие болады

  • Read 2302 times
Астананың 20 жылдығына арналған ең үздік логотиптің авторы 8 млн теңгеге ие болады Фото: Apple-hostel.kz

Елорданың 20 жылдығына арнайы белгіленетін логотип 10 желтоқсанға дейін таңдалатын болады.

Бұл туралы Астана әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Астананың 20 жылдығына арналған брендбукті таңдау конкурсы 6-27 қараша аралығында өтеді. Үздік логотипті сараптама комиссиясы 10 желтоқсанға дейін шығармашылық шеберханалар, жарнама агенттіктері мен фирмалар, суретшілер, сәулетшілер, жобалық ұйымдар, авторлық ұжымдардан түсетін жұмыстардың ішінен таңдап алмақ.

Қазақстан Республикасының елордасы – Астана қаласының 20 жылдығын білдіретін үздік брендбукты (BrandBook) таңдау конкурсын өткізудің мән-мағынасы жайлы бүгін қала әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында Астана қаласының Ішкі саясат басқармасының басшысы Ерлан Каналимов айтып берді. Оның сөзіне қарағанда, аталған логотип Астананың 20 жылдығына арналған барлық іс-шараларда қолданылып, қала көшелерінде жарқырап, сувенир ретінде де пайдаланылатын болады.

«Конкурсты не үшін жарияладық дейсіз ғой. Әр мерекенің, мерейтойдың өзіндік идеологиялық платформасы, өзіндік мәні болады. Республикалық, халықаралық деңгейдегі әр шараның таңбасы, ұраны болады. Ал ел тарихындағы Астананың орны ерекше. 20 жылдық оқиғаның тарихи маңыздылығын ескере отырып, осы оқиғаға арнап брендбукты таңдауға бағытталған конкурс жарияладық. Мерейтойлық стильдегі таңба қаланы әшекейлеу бұйымы ретінде, сувенир ретінде, Астана қаласының 20 жылдығын атап өту, ақпараттық себепті қалыптастыруға бағытталған жарнамалық, маркетингтік және басқа да шараларда әрі қаланың мәдени, туристік және әлеуметтік потенциалын жақсарту мақсатында да пайдаланылады», – Ерлан Каналимов.

Айта кетейік, конкурс қорытындысы бойынша үздік деп танылған брендбук авторы 8 млн теңгеге ие болады.

back to top
Хабар 24 телеарнасы