Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 142
388,07 428,20 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астананың өркендеуіне ерекше үлес қосқан алматылықтар марапатталды

  • Read 1390 times
  • Media
Астананың өркендеуіне ерекше үлес қосқан алматылықтар марапатталды

Бүгін Астана қаласының өсіп-өркендеуіне ерекше үлес қосқан алматылықтар «Астана-ардағым» сыйлығымен марапатталды.

Елорданың 20 жылдық мерейтойына арналған іс-шара Алматыдағы Республика сарайында өтті.

«Астана – ардағым» сыйлығы елорданың архитектурасына, білім беру, денсаулық сақтау, құрылыс, спорт саласының дамуына атсалысқан азаматтарға табысталды. Сыйлыққа ие болғандар арасында БАҚ, әдебиет, өнер, кинематография және музыка мамандары да бар.

Марапат жиырма жылдыққа орай жиырма аталым бойынша берілді. Байқауға әр номинация бойынша бірнеше үміткер бақ сынасты. Жеңімпаздар халықтың интернет арқылы дауыс беруі нәтижесінде анықталды.

Ақмырза Рүстембеков, Қазақстан сәулетшілер одағының төрағасы:

- Еуразия континентінде үлкен тамаша, дүниежүзілікке сәйкес бір қала туды. Сондықтан да халқымызды, осы қатысқан адамдарды Астананың 20 жылдығымен құттықтаймын!

Смағұл Елубай, жазушы:

- Елбасының еркінің арқасында, халық ол кісіге сенді. Астана көшті. Мінеки содан бергі өткен 20 жылдың ішінде Астана кешегі күдікпен, үмітпен қараған қаламыз бүгінде бүкіл Қазақстанның, қазақ халқының мақтанышына айналды.

Media

back to top
Хабар 24 телеарнасы