388,81 430,50 6.08
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Астана тарихы» атты ғылыми-танымдық кітап жарыққа шықты

  • Read 1974 times
  • Media
«Астана тарихы» атты ғылыми-танымдық кітап жарыққа шықты

Алматыдағы ғылым ордасында Астананың 20 жылдығына арналған «Астана тарихы» атты ғылыми-танымдық кітап көпшілікке таныстырылды.

Кітап авторы белгілі тарихшы, Шоқан Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры Зиябек Қыбылдинов. Ғалым бұл еңбегін жарыққа шығару үшін 4 жыл тынбай ізденіп, мұрағат құжаттарын зерделеген. Кітапта ежелгі заманнан бүгінгі күнге дейін Астана қаласының тарихы баяндалады. Автор белглі тарихшылар мен өлкетанушылардың монографияларына да сүйенеді. Өңірде туып өскен қазақ елінің көрнекті тұлғаларының өмірі мен қызметіне жеке тоқталады. 3 мың данамен шыққан кітап қазақ тілінде жазылып, орыс және ағылшын тілдеріне аударылған.

Зиябек Қыбылдинов, «Астана тарихы» кітабының авторы: 

- Мазмұны кітаптың Астананың төл тарихына арналған. Ежелден бүгінге дейін тарихы баяндалады. Ақмола өңірінде туып өсіп ерекше ізін қалдырып кеткен мықты Алашшыл, патриотшыл азаматтарға арналған. Оның ішінде Қажымұқан да, қарт Бөгенбай да бар.

Media

back to top
Хабар 24 телеарнасы