425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада өткен брендбук байқауының жеңімпазына 8 млн теңге табысталды

  • 1101
  • UPD: 11:27, 30.05.2018
Астанада өткен брендбук байқауының жеңімпазына 8 млн теңге табысталды

Елорданың 20 жылдығына арналған символды анықтайтын додаға өңірлердегі заңды және жеке тұлғалардан 60-тан астам өтінім келіп түскен.

Айта кетейік, биыл бұл жарысқа әлемнің беделді университеттерінің түлектері де өз жұмысын жіберіпті. Арнайы топтың дауыс беру нәтижесінде 8 жоба іріктеліп алынды. Оза шауып, олжалы болған төлтаңба иелерін марапаттау рәсімі өтті. Ал ең үздік брендбук авторы Ақмарал Еспенбетоваға 8 млн теңге көлемінде сыйақы табысталды. Енді бұл қолтаңба елорданың 20 жылдығын мерекелеу кезінде жарнамалық және маркетингтік, сонымен қатар мәдени шаралар кезінде қолданылатын болады.

Ақмарал Еспенбетова, байқау жеңімпазы:

– Мен өте қуаныштымын. Бір ай күттік. Енді ғана қорытынды шықты. Біздің логотип ол біздің осы елтаңба мен туға байланысты түстер. Сонымен қатар сұңқардың қанаттарын бейнелейді.

Хабар 24 телеарнасы