476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

{titlechange:favorites Астанаға 20 жыл: «Денис және оның достары» атты жоғары дәрежедегі мұз шоуы ұйымдастырылады}

  • 3847
  • UPD: 10:19, 30.05.2018
{titlechange:favorites Астанаға 20 жыл: «Денис және оның достары» атты жоғары дәрежедегі мұз шоуы ұйымдастырылады}

Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу аясында елордада 175 іс-шара өткізіледі.

Және жалпыреспубликалық жоспарға сәйкес республика бойынша қосымша 1800-ден аса іс-шара өткізу қарастырылған. Бұл туралы Астананың 20 жылдығын мерекелеу аясындағы іс-шаралар жөнінде өткен орталық орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз конференциясында айтылды. Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры Алмас Нұразханның берген мәліметіне сәйкес, маусым-қыркүйек аралығында «Этноауыл» ұлттық-мәдени кешені өз жұмысын жалғастырады. Этноауыл аумағында «Трапеция мектебі», «Алпамыс» театралдық-цирктік шоу ұйымдастырылатын болады. Астаналар шеруі: Астананың 20 жылдығы – әлемнің 20 астанасы» атты Халықаралық мәдени имидждік жоба мерекелер шеруіне ерекше өң бермек. Жоба бойынша әлемнің атақты 20 астанасының (Париж, Берлин, Лондон, Токио, Сингапур, Бейжің сияқты) құттықтауы таныстырылады.

Сондай-ақ мерейтой аясында «Астана Опера» театры Бейжің ұлттық опера театрымен бірге Джакомо Пуччинидің «Турандот» атты операсын дүйім жұртқа ұсынады.

«Астана Опера» театры тартуымен бірге «Астана Мюзикл» театрының әлемге танымал «Notre Dame de Paris» мюзиклімен (Р.Коччанте, Л.Пламондон секілді авторларымен бірге) бірлескен қойылымы Астана халқы мен шаһар қонақтары үшін керемет сый болары сөзсіз.

«Денис және оның достары» атты мұздағы шоу да биыл жоғары дәрежеде ұйымдастырылмақ.

Астананың 20 жылдық мерейтойын атап өту – рухани тұрғыда жаңғырудың, ұлттың бірегейлігін сақтаудың нышаны болмақ.

Хабар 24 телеарнасы