384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елімізде тұңғыш рет Астананың қалыптасу жолын баяндайтын телехикая түсірілуде

  • Read 736 times
  • Media
Елімізде тұңғыш рет Астананың қалыптасу жолын баяндайтын телехикая түсірілуде

Бас қаланың кешегісі мен бүгінгісі толық қамтылған телетуындыға ресейлік режиссер Константин Эрнст жетекшілік етуде.

Ол «Махаббат. Үміт. Астана» деп аталады. Телехикаяның әзірге нақты қанша серия болатыны белгісіз. Мамандар, кинокартина 350 млн көрермен жинауы мүмкін деп болжап отыр. Өйткені ол отандық арналардан бөлек, Ресейдің «бірінші арнасынан» да көрсетіледі. Жалпы шаһардың 20 жылдық мерейтойы аясында 175 ауқымды шара өтеді деген жоспар бар. Оның 44-і халықаралық деңгейде ұйымдастырылады. Атаулы датаны мерекелеу үшін әлі нақты қаражат бөлінбеген. Ұйымдастырушылар қанша қаржы кеткенін тек қала күні өткен соң ғана жариялайтынын мәлімдеді. Сондай-ақ шаһарда мәдени-спорттық шаралардан бөлек, тұрғындар рухани азық алатын «Кітапханалар көрмесі» де өтеді.

Үмітхан Мұналбаева, ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының директоры:

– Астананың 20 жылдығына орай Астана қаласында  дүниежүзінің әйгілі 20 кітапханасының көрмесі өтеді. Шараға шетелдік 40 қатысушы, еліміздің кітапханалары мен оқырмандар қатысады.

Media

back to top
Хабар 24 телеарнасы