423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Ел арнадан» бір жыл ішінде 300-ден астам отандық телеөнім көрсетілді

  • 1568
  • UPD: 11:15, 30.05.2018

«Ел арна» ашылғалы 1 жыл ішінде «Қазақфильм» киностудиясының 300-ден астам телеөнімі көрсетілген.

Және жас арнаның бағдарламалық кестесі мұнымен шектелмейді. Эфир уақытының 80 пайызы толық метражды кинодан тұрса, қалған бөлігін деректі фильмдер мен төл жобалар қамтып отыр. Сонымен қатар жуырда «Ел Арна» кабельдік операторлар арқылы қолжетімді бола түспек. Бүгінде осы мақсатта Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің арнайы комиссиясы тиісті жұмыстарды жүргізіп келеді. Сонымен қатар Астананың 20 жылдығына орай режиссерлер арасында қысқа метражды фильм түсіруге де байқау жарияланды.

Арман Сеитмамыт, «Ел Арна» телеарнасының директоры: 

- Астанаға 20 жыл. Фильм көркем болуы керек. Орысша айтқанда игровой фильм. Ұзақтығы, оның ішінде не болуы керек, оның қандай техникалық талаптарға сай келуі керек, барлығы да бүгіннен бастап, «Ел Арнаның» сайтында жазылады. Қорытындысы да сонда жарияланады. Қызығушылық білдірушілер сайтқа кіріп, бәрін толық оқып, біле алады. Қорытындысы қашан шығатыны да жазылады.

Хабар 24 телеарнасы