425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Ел арна» Астананың 20 жылдығына орай бірнеше байқау жариялады

  • 2374
  • UPD: 11:15, 30.05.2018

«Хабар» Агенттігінің тағы бір жобасы көпшілікке жол тартты.

Агенттік құрамына кіретін «Ел арна» қысқаметражды көркем фильмдердің байқауын жариялап отыр. Бүгін телеарна басшылығы Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында болып, өнер бәйгесінің шарттарымен таныстырды.

«Ел арна» – Қазақстандағы алғашқы және жалғыз киноарна. Байқаудың мақсаты – қазақстандық режиссерлер, сценаристер мен продюсерлердің жұмыстарын қалың көпшілікке насихаттау, дебюттік жұмыстарға қолдау көрсету, көрермендерді «шағын кино» жанрымен таныстыру.

Мұрат Бидосов, режиссер:

Қысқаметрлік фильммен негізінде бүкіл режиссерлер айналысқан. Бұл конкурс студенттерге бір талпыныс береді. Егер осы қысқа форматты фильмде өздерін көрсете алса, ары қарай оларға жол ашылады деп ойлаймын.

Байқаудың тақырыбына елордамыз Астана қаласының 20 жылдығы арқау болып отыр. Қысқаметражды фильмдер 31 мамырға дейін қабылданады. Ең үздік 3 жұмыс 2018 жылдың ішінде «Ел арнада» көрсетіледі.

Айбек Әзімхан, студент

Астана әрқайсымыздың жүрегімізде. Сондықтан бұл жүректен шығатын қысқаметражды фильм болатынына сенімдімін. Сондықтан қатысамыз.

Биыл «Ел арнаның» ашылғанына бір жыл толды. Осы уақытта әр алуан жанрдағы отандық киноның насихаттаушысына айналды. Тағы бір жағымды жаңалық алдағы уақытта «Ел арна» кабельдік телевизия операторларының желісіне қосылып, аудиториясы кеңейетін болады.

Сатыбалды Нарымбетов, кинорежиссер, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері:

– Біздің қатарымыз сиреп қалды да, бір топ емес, бірнеше лек болып, жастар біздің ұлттық мына қорымызға, кино қорымызға құйылып жатыр. Солардың шығармасын насихаттайтын ең негізгі құрал – біздің «Ел арна» каналы.

«Ел арна» мұнымен қатар Астананың 20 жылдығына орай жас ақындардың байқауын да ұйымдастырып отыр. Жеңіске жеткен үш ақынның өлеңдерінің негізінде шағын поэтикалық фильм түсіріліп, осы арна экранынан көрсетіледі. Екі байқаудың да шарттарымен www.elarna.kz сайтынан танысуға болады.

Авторлары: Ұлан Нарынбек, Мұхит Құдықбаев

Хабар 24 телеарнасы