425.59 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандық фотографтың Париждегі көрмесі жоғары деңгейде өтті

  • 1370
  • UPD: 11:13, 30.05.2018

Парижде қазақстандық фотограф Әли Оспанның көрмесі жоғары деңгейде өтті.

Астананың 20 жылдығына арналған «Қазақстанның даму ырғағы» экспозициясы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған. Көрмеде замануи ғимараттар және Астанамыздың көрікті жерлері, қазақстандықтардың портреттері мен қарапайым адамдардың күнделікті өмірлері бейнеленген. Бұған дейін фотосуретшінің картиналары Carrousel du Louvre галереясының «Қазақстанның көрікті жерлері» экспозициясында, Миланда өткен EXPO 2015 көрмесінің ұлттық павильонында қойылды.

Әли Оспан, фотограф:

Біздің өлкелердің даму тарихын, ұмтылған әже образын әр түрлі қырынан танытуға тырыстым. Ал Астана біздің қарқынды дамып келе жатқандығымызды білдіреді. Осы суреттерге париждіктер таңғалып жатыр. «Қандай керемет ел» деп қызығушылық танытқан кезде іштей қуанып қалады екенсің.

Пьер Кабаре, «Франция-Қазақстан» парламентаралық достық тобының төрағасы:

– Мен сіздердің елдеріңізге әлі болған емеспін. Дегенмен жақын арада Францияның Ұлттық Ассамблея депутаттарының тобы Астанаға ресми сапармен барады. Қазақстан – тәуелсіз және еркін мемлекет. Екі елдің де ортақ тұстары көп, қағидаттары ұқсас.

Хабар 24 телеарнасы