423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Астананың жаңа энергетикалық моделі газдандыру және энергия тиімділігіне негізделген

  • 1223
  • UPD: 10:29, 30.05.2018
Астананың жаңа энергетикалық моделі газдандыру және энергия тиімділігіне негізделген astana.gov.kz

«Биыл ЖЭО-1 жылу қуаты 110 Гкал өседі, 2019 жылы 3 ЖЭО І кезеңін енгізумен өсім 440 Гкал құрайды», – деді қала әкімі Әсет Исекешев Елбасының қатысуымен өткен елорданы одан әрі дамыту мәселелеріне арналған жиында. 

«ЕХРО 2017 көрмесінде көрсетілген жаңа технологияларды енгізе отырып, энергияның жаңа моделіне өту көзделуде. Экологияны ескере отырып, газдандыруға негізделген энергия тиімділігіне көшу. Бес әлеуметтік бастама аясында біз Энергетика министрлігімен және «КазТрансГаз» АҚ-мен бірлесіп, қаланы газдандыруға арналған жол картасын әзірледік», – деді әкім.

Қалалық желілер бойынша 3 кезектегі ТЭН әзірленді.

Бірінші кезең шеңберінде 2019 жылы 1, 2, 3-ші ЖЭС-да 17 су жылытатын қазандықты газға ауыстыру жоспарланып отыр. Сондай-ақ, үйді жылытуға көмір жағатын Оңтүстік-Шығыс және Көктал-1, 2 шағын аудандарды газбен жабдықтауды қамтамасыз ету.

Әкімнің айтуынша, бұл іс-шаралар зиянды заттардың атмосфераға шығуын 30%-ға дейін төмендетеді.

Ақпарат көзі: astana.gov.kz

Хабар 24 телеарнасы