424,02 504.55 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Нұрсұлтан Назарбаев: Астана бейбітшілік пен келісім қаласына айналды

  • 3256
  • UPD: 10:29, 30.05.2018
Нұрсұлтан Назарбаев: Астана бейбітшілік пен келісім қаласына айналды

Астана бейбітшілік пен келісім қаласына айналды.

Бұл туралы елорданы одан ары дамыту мәселелері жөніндегі мәжілісте Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

«Біз тарих үшін қысқа ғана кезеңде миллион тұрғыны, сәйкесінше инфрақұрылымы бар, назарын өзіне аудартатын маңызды оқиғалар өтер, әлемге танымал қалаға айналған жаңа елордамыз – Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы қарсаңында жиналып отырмыз. Астана бейбітшілік пен келісім қаласына айналды», – деп атап өтті Қазақстан Президенті.

Осы ретте Мемлекет басшысы елорданың мән-мағынасын сипаттап беру үшін танымал америкалық журналистің айтқан сөзін мысалға келтірді.

«Меніңше, қала біздің барлық отандастарымызды қуантып, қонақтарымды таң қалдырып отыр. Танымал америкалық журналист Ларри Кингтің: «Бүкіл тарихта қалаларды жаулап алады, ал Қазақстан қала салады» деген сөзі жадымда қалыпты. Меніңше, бұл сөз арқылы барлығы айтылған», – деді Елбасы.

Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаев осынау сәулетті қаланы салуға әрбір қазақстандық еңбек сіңіргенін баса айтты.

Ақпарат көзі: inform.kz

Хабар 24 телеарнасы