423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Астананың көлік қатынасы 2019 жылы қалыптасады

  • 1221
  • UPD: 10:30, 30.05.2018
Астананың көлік қатынасы 2019 жылы қалыптасады astana.gov.kz

Өткен жылы елордада 12 жаңа жол салынып, бұрыннан бар 157 көше жөндеуден өтті, оң жаққа бұрылуға арналған 37 жол жасалды.

Ақылы автотұрақтың бірінші кезеңі жүзеге асты. «Ақылды бағдаршам» және ITS жүйесімен 93 жол қиылысы қамтылды. Қашықтығы 75 шақырымды құрайтын қоғамдық көлікке арналған арнайы жол белгіленді. Автобустар паркі 70% жаңартылды. Бұл туралы қала әкімі Әсет Исекешев Елбасының қатысуымен өткен елорданы одан әрі дамыту мәселелеріне арналған жиында мәлім етті.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде тұрғындардың қоғамдық көліктермен қатынауы жылына 17% өсіп, 46 млн жол жүруді құрады. Жолдардың көлік өткізуі 30% -ға, көлік ағымының орташа жылдамдығы 20%-ға өсті. Жолда жүрудің ұзақтығы шамамен 30%-ға қысқарған. Көлік кептелісінің қарқыны, тосын жағдайларды есепке алмағанда, 10 балдық жүйеде, 5-6 балды құрайды.

Осы жылы қосымша 32 оң жаққа бұрылу жолы, 71 жаңа бағдаршам, 200 жылы аялдама кешені салынады.

«ЖРК құрылысы жалғасуда. Биыл оңтүстік бөліктегі кіші айналма жолды аяқтаймыз. Қазавтожол үлкен айналма жол бойынша жұмысты бастайды. Тұтастай алғанда, бұл 2019 жылы қаланың көлік «қаңқасын» қалыптастыруға мүмкіндік береді», – деп қорытындылады Әсет Исекешев.

Ақпарат көзі: astana.gov.kz

Хабар 24 телеарнасы