Әлемнің ең биік шыңдарын оттегі құралынсыз бағындырған альпинистердің қатары саусақпен санарлық.
Солардың арасынан ойып тұрып орын алатын, биіктігі 8 мың метрден жоғары 14 шыңға шыққан алғашқы қазақ – Мақсұт Жұмаев. Көк туды сан биікте желбіреткен Жұмаев тағы да Эверест шыңына шығуды көздеп отыр. Және осы жолғы сапары Астананың 20 жылдығына арнайы тарту ретінде. Альпинистің әңгімесін алдағы жаңалықтардан күтіңіздер. Экспедиция 10 сәуірде басталып, 28 мамырға дейін жалғасады.