386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Астана Балет» театры гастрольдік сапарын Астананың 20 жылдығына арнайды

  • Read 785 times
«Астана Балет» театры гастрольдік сапарын Астананың 20 жылдығына арнайды

Елорданың 20 жылдығына орай «Астана Балет» театрының ұжымы өңірлерді гастрольдік сапармен аралап жүр.

Өнер иелерін алғаш болып Сыр елінің жұртшылығы қарсы алды. «Астана Балет» өнер ордасына биыл – 5 жыл. Елордалық театр осы уақыт аралығында әлемнің әйгілі сахналарында өнер көрсетті. Репертуарына 15 балет пен 70-ке жуық хореографиялық қойылым жинаған ұжым сырбойылықтарға ең таңдаулы көрсетілімдерін ұсынды. Еуропалық классика, модерн, неоклассика және ұлттық бөлім қойылымдары көпшіліктің көңілінен шықты. Әсіресе көрермендер A Fuego lento, «Клеопатра» және «Ұлы дала мұрасы» миниатюраларына ықыласпен қол соқты.

Валерий Күзембаев, «Астана Балет» театрының директоры:

– Өнер сапарымызды Сыр бойынан бастауымыздың өзіндік сыры бар. Өйткені Қызылорда астаналар көшін бастап тұр, оның үстіне биыл 200 жылдығын тойлағалы жатыр. Гастрольдік керуен Алматы, Талдықорған және Ақтауда жалғасын табады.

back to top
Хабар 24 телеарнасы