384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандық альпинистер Эверест шыңында әлеуметтік желі қолданушыларымен байланысқа шықпақ

  • Read 902 times
  • Media
Қазақстандық альпинистер Эверест шыңында әлеуметтік желі қолданушыларымен байланысқа шықпақ Фото: 24tv.ua

Астананың 20 жылдығына орай 3 адамнан құралған халықаралық экспедиция Эвересттің 8 мың 848 метрін бағындыруды жоспарлап отыр.

Олар ертең жолға шығады. Экспедицияға оттегіні пайдаланбай, әлемнің ең биік 14 шыңына шыққан жалғыз қазақ Мақсұт Жұмаев жетекшілік етеді. Альпинист осыдан 11 жыл бұрын. Эвересттің солтүстігіне көтеріліп, еліміздің әнұраның шырқаған болатын. «Енді оңтүстік бағытын бағындырып, шыңға шыққаннан кейін әлеуметтік желіде оқырмандарыммен байланысқа шығамын» деп отыр. Елорданың мерейтойына арналған экспедиция 28 мамырға дейін жалғасады.

Мақсұт Жұмаев, альпинист:

– Теңіз деңгейінен 8 мың метрден асатын кез келген тау шыңына шығу, әрине, қауіпті. Бірақ мен барлығы штаттық тәртіпте өтеді деген сенімдемін. Маған экспедицияның жетекшісі ретінде оны жоғарғы деңгейде ұйымдастыру міндеті жүктеліп отыр. Эвересттің солтүстігіне қарағанда оңтүстік бөлігіне көтерілу техникалық тұрғыда қиын әрі қауіпті. Халықаралық экспедицияға Қазақстан, Ресей және Швейцария елдерінің азаматтары қатысады.

Media

back to top
Хабар 24 телеарнасы