loader

Гүлдердің 80 түрі елорда көшелері мен саябақтарын безендіреді astana.gov.kz

Гүлдердің 80 түрі елорда көшелері мен саябақтарын безендіреді

Биыл Астанада 20 мыңға тарта ағаш пен бұталарды егу жоспарланған, деп елорда әкімдігінің баспасөз қызметі «Астана-Жасылқұрылыс» АҚ-на сілтеме жасап хабарлайды.

Қала көркін келтіруші декоративті жасыл фигуралар халықтың зор ықыласына ие. Жазғы маусымда елорда көшелеріне піл, қыран, барыс, аққу және керік сияқты жаңа фигуралар сән береді.

Бұдан бөлек, жарқын гүлзарлар да алаңдар мен аулаларды абаттандырудың негізгі элементтері болмақ. 2018 жылы «Астана-Жасылқұрылыс» АҚ-ның жұмысшылары 5 млн-нан астам көшет егеді деп күтілуде. Олардың ішінде шырайгүл, тагетис, кербезгүл, абелия, үлпек, сальпиглоссис сияқты біржылдық гүлдердің 50 түрі бар. Мұнымен қоса, қала көгалдарында айылқияқ, сарана, раушан сияқты көпжылдық гүлдердің 30-дан астам түрі отырғызылады.

Сондай-ақ елордада ала лента түріндегі көпжылдық гүлдерден, бұталар мен раушандардан өрілген сан алуан гүлзарлар – миксбордерлер жасалады.

Сондай-ақ...