389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Талдықорғанда елорданың мерейтойына арналған фотокөрме өтті

  • Read 942 times
Талдықорғанда елорданың мерейтойына арналған фотокөрме өтті

Талдықорғандағы журналистер үйінде «Астанаға 20 жыл» атты фотокөрме өтті.

Онда түрлі салада қызмет атқарғанымен сурет өнеріне қызығушылығы бар шығармашыл адамдардың бірлескен ұйымының таңдаулы 20 суреті қойылған. «Photobar» клубы заңгер, мұғалім, экономист, медбике сияқты қарапайым адамдардан құралған. Олар қоғамда фотосурет өнеріне дұрыс көзқарас қалыптастырып, шығармашылықты насихаттау жолында еңбек етіп келеді. Көрменің мақсаты - «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына орай елдігімізді танытатын ерекшелігімізді айқындайтын суреттерді халық назарына ұсыну. Осылайша мерейтойға өз үлесімізді қосу. Бұл суреттерде қала ішіндегі эмоциялық және күнделікті өмірде болып жатқан құбылыстар сәтті бейнеленген. Ол үлкен шеберлікті талап етеді. Шараны ұйымдастырушылар осылай дейді.

Балжан Жұманбекова, жоба менеджері:

-«Photobar» клубына кез келген суретке қызығушылық танытатын әр азамат мүшелік ете алады. Алға қойған мақсатымыз - осы суреттерді түсірген суретшілерді біздің Жетісу жеріне шақырып, шеберлік сабақтарын ұйымдастыру. Осы Жетісу жерін суретке түсіріп, туристік аймақты дамыту.

back to top
Хабар 24 телеарнасы