476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Астанада бүгін Open Аir өтеді

  • 1090
  • UPD: 11:47, 29.05.2018
Астанада бүгін Open Аir өтеді

Бүгін астаналықтар мен қала қонақтары ашық аспан астындағы шоуға куә болады.

Елорданың 20 жылдығына орай ұйымдастырылатын Open Аir думаны Қазақстан мен Ресей әншілерінің басын қоспақ. «Ұлы дала бірлігі» аталатын мәдени шара «Мәңгілік ел» монументі алдында қалың жұртты жинайтын болады. 30-дан аса отандық өнер қайраткері мен Ресейден келген меймандар Астананың туған күнін көппен бірге тойламақ. Ұйымдастырушылар «6 сағатқа созылатын әуезді кеш көпшілікке ерекше әсер сыйлары анық», – дейді.

Естеріңізге сала кетейік, Open Air шоу-концертінің өткізілуіне байланысты 26-30 мамыр аралығында Тәуелсіздік даңғылының Нәжімеденов көшесінен Байтұрсынов көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы шектелетіні туралы хабарлаған болатынбыз. 

Хабар 24 телеарнасы