Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
476,27 474,60 7,83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Астанада отандық және ресейлік жұлдыздардың қатысуымен Оpen Air концерті басталады

  • 755
  • UPD: 17:58, 29.05.2018

Бүгін Астанада «Ұлы дала бірлігі» атты ғаламат шоу-концерт болады.

Осылайша елорданың 20 жылдық мерейтойы салтанатты түрде ашылмақ. «Қазақ елі» монументі алдында басталатын мерекелік шараға қазақ эстрадасындағы рейтингі жоғары әншілері қатысады. Сонымен қатар ресейлік өнер жұлдыздарын да осы кештен көруге болады.

Елордамыздың 20 жылдығына арналған бүгінгі кеш шаһар қонақтары мен тұрғындары үшін керемет сый болды. Бірер минут бұрын «Қазақ елі» монументінің алдында ұйымдастырылған сахнада үлкен концерт басталып кетті. Көрермендер қауымының алдында 30-дан астам танымал қазақстандық және ресейлік әртістер өнер көрсетеді. Олардың арасында Айқын, Ерке Есмахан, Қайрат Нұртас, «Ринго», «91», «Музарт Лайф» топтары және тағы да басқалары бар. Ал Ресейдің атынан Астананы туған күнімен құттықтауға Дима Билан, Джиган, Анна Седокова, Анна Семенович, Макс Барских, Натан, Artik & Asti сынды әншілер келді. Алты сағатқа созылатын музыкалық кеш барысында таңғалдырарлық арнайы эффектілер қолданылады. Оpen Air форматындағы концерттер әлемнің түкпір-түкпірінде өткізіледі. Мысалы, Сербияда жыл сайын Exit, Америка құрама штаттарында Burning Man, Ұлыбританияда Glastonbury, ал көрші Ресей елінде Sensation фестивалі ұйымдастырылады. Елордамыз Астана да халықаралық трендке сәйкес 4 жыл бұрын қосылды. Мәселен, былтырдың өзінде осы алаңға 50 мың адам жиналған. Бүгінгі Оpen Air түнгі сағат 23:00-ге дейін өз жалғасын табады. Сондықтан осында келіп, керемет музыкалық қойылымдарды тамашалау әлі де уақыт бар. Бар қызық алда. Сол себепті барлық көрермендерімізді бұл шарадан қапы қалмай, бірге көңілді кеш өткізуге шақырамыз.

Хабар 24 телеарнасы