Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 74
478,01 474,60 7,90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Астананың 20 жылдығына арналған ашық аспан астындағы шоу-концерт жалғасып жатыр

  • 1001
  • UPD: 20:22, 29.05.2018

Астанадағы ашық аспан астындағы шоу-концерт жалғасып жатыр.

«Ұлы дала бірлігі» атауымен өтіп жатқан сәні келіскен кеш елорданың 20 жылдығына арналып отыр.

Кеш 17:00-де басталды. Концерттің шымылдығын «Алаш ұлы» тобы «Ұлы далам» әнімен түрді. Ұлы дала төрінде өтіп жатқан мерекелік шара отандық эстрада әншілерімен қатар Ресейдің аса танымал 30 шақты әншісі де өнер көрсетеді. Олардың бірқатары осы кезге дейін сахнада әндерін орындап қойды. Жалпы мерекелік шарада аспан да ашық. Бас қаланың көгінде ән әуелеуде. Қазақ елі монументі алаңына жиылған халықтың да қарасы қалың. Жиылған халықтың көңілі шат-шадыман. Мерекелік шара түнгі 23:00-ге дейін жалғаспақ.

Хабар 24 телеарнасы