413,12 452,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ОАР Астана мерейтойын атауға үлес қосады

  • Read 907 times
  • Media
ОАР Астана мерейтойын атауға үлес қосады

Оңтүстік Африка елі елорданың 20 жылдығын атауға үлесін қоспақ.

Бұл туралы республиканың Орталық Азиядағы елшісі Кийтумэтци Мэттьюс хабарлады. Дипломат Астана әкімі Әсет Исекешевке африкалық өнер көрмесі мен ән кешін бірлесе ұйымдастыруды ұсынды. Мэттьюс, екі ел арасындағы қашықтыққа қарамастан, ортақ құндылықтардың көптігін ерекше атады.

Кийтуметци Мэттьюс, Оңтүстік Африка Республикасының Орталық Азиядағы елшісі:

- Қазақстанға африкалық көңіл-күй сыйлағымыз келеді. Себебі өткен жылы ЕХРО кезінде жергілікті тұрғындардың қара құрлық павильонына ерекше қызығушылық білдіргенін көргенмін. Сондай-ақ қазақ жерінде күллі әлем атайтын Манделаның 100 жылдығы атап өтілгенін қалаймыз. Екі ел басшылары арасындағы сыйластық жоғары, олар тек бейбітшілік пен келісімді ту етіп келеді. Осы бағыттан жаңылмау керек.

Media

back to top
Хабар 24 телеарнасы