413,12 452,00 5.79
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Әсет Исекешов: Астана – тәуелсіз Қазақстанның қарқынды дамуы мен күш-қуатының символы

  • Read 1368 times
  • Media
Әсет Исекешов: Астана – тәуелсіз Қазақстанның қарқынды дамуы мен күш-қуатының символы

Астана Еуразиялық кеңістіктің ғылыми, мәдени және іскерлік орталығына айналды.

Елордада өтіп жатқан ғылыми-тәжірибелік конференция қатысушылар осындай пікір білдірді. «Астана – бейбітшілік қаласы» шарасына әлемнің сақа саясаткерлері қатысуда. Мәселен, Италияның бұрынғы Сыртқы істер министрі Франко Фраттини бас қала жаһандық деңгейдегі өзекті мәселерді шешуге қабілетті екенін атап өтті. Әсіресе Сирия дағдарысын реттеуде Астана процесінің маңызы зор. Және бұл дәл уақытында жасалған қадам екенін тілге тиек етті. Сондай-ақ жиында Ислам ынтымақтастық ұйымының бұрынғы Бас хатшысы, Шанхай ынтымақтастық ұйымының бұрынғы Бас хатшылары қатысты. Олар 3 панельдік пікірталас сессиясында сөз сөйлейді. Жалпы, сарапшылар бас қаланың болашақта қаржы, сауда және көлік инновациялық хаб ретіндегі дамуы тиіс деп ойлайды. 

Қайрат Әбдірахманов, ҚР Сыртқы істер министрі:

- Астананың әлі табылмаған және пайдаланылмаған басқа да мүмкіндіктерін іздеуге тырысамыз. Ол үшін арамызда елордамызда өткен халықаралық келіссөздер мен күрделі процестерге белсенді атсалысқан саясаткерлер мен сарапшылар, халықаралық ұйымдар өкілдері қатысып отыр.

Әсет Исекешов, Астана қаласының әкімі:

- Астана – тәуелсіз Қазақстанның қарқынды дамуы мен күш-қуатының символы. Елбасы Н.Назарбаевтың жасампаз еңбегінің жемісі. Небәрі 20 жылда Сарыарқа даласына көркімен көз арбайтын әсем қала салынды. Ол аз ғана мерзім ішінде Еуразияның саяси экономикалық, мәдени орталығы болды. Барша адамзаттың мәселелерін талқылайтын, жаһандық диалог алаңына айналды.

Media

back to top
Хабар 24 телеарнасы