425.05 509.00 5.58
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Астананың 20 қыры»: байқауға елорданың кез келген тұрғыны қатыса алады

  • 1084
  • UPD: 08:35, 07.06.2018

Елорданың 20 жылдығына орай қалалық әкімдік «Астананың 20 қыры» атты байқау жариялағаны белгілі.

Ауқымды жоба 25 бағытты қамтиды. Қазылар сурет, бейнероликтер арасынан таңдау жасайды. Шараға кез келген тұрғын қатысуға құқылы. Ең бастысы бас қалаға деген махаббатыңызды қалай жеткізем десеңізде ерік өзіңізде. Шабыты келгендер шумақтатып өлең жазуына, суретшілер мен сәулетшілер қиялындағы кескінді қағаз бетіне түсіруіне болады. Тіпті тұрғындар тәттілер дайындаудан да жарыса алады. Сондай-ақ Астанамен жасаған ең үздік селфилер байқауы да бар. Жеңімпаздар сыйлықсыз қалмайды. Жүлде қоры 19 миллион теңге. Өтініштер 25 маусымға дейін қабылданады. Байқау шартымен astana20.kz сайтында танысуға болады.

Данияр Есін, қалалық дін істері басқармасының басшысы:

- Байқауға кез келген тұрғын қатыса алады. Жас шамасына шектеу жоқ. Біз осылайша креативті, талантты тұлғаларды анықтаймыз. Басты мақсат - тұрғындар мен басқарма арасында диалог орнату.

Хабар 24 телеарнасы