365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада өткен «Voice of Astana» байқауында әлемнің 16 елінің өнерпаздары бақ сынады

  • Read 234 times
Астанада өткен «Voice of Astana» байқауында әлемнің 16 елінің өнерпаздары бақ сынады

Елордада «Voice of Astana» байқауы өз мәресіне жетті.

Әділқазылардың шешімімен бас жүлдені грузиялық әнші Автандил Абсиламидзе жеңіп алды. Ал бірінші орынды Англиядан келген Golstone тобы мен отандасымыз Бердібек Құлагеров иемденді. Екінші орын қытайлық және укариналық өнерпазға бұйырса, үшінші орынға әзербайжандық әнші лайық деп танылды. Ән байқауында әлемнің 16 елінің өнерпаздары бақ сынады. Оларға Байғали Серкебаев, Валерий Меладзе сынды танымал әншілер мен өзге де белгілі тұлғалар төрелік етті.

Айта кетейік, «Voice of Astana» байқауы елорданың 20 жылдық мерекесіне орай ұйымдастырылды. Кеше оның аясында талантты әнші Батырхан Шөкеновты еске алу концерті өтті. Ал бүгін байқау жеңімпаздары марапатталғаннан кейін көрермендер Байғали Серкебаевтың шығармашылық кешін тамашалады. Сондай-ақ концертте Қазақстан мен Ресейдің эстрада жұлдыздары ән шырқады.

back to top
Хабар 24 телеарнасы