369,01 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астананың 20 жылдығына арналған коллекциялық монеталар шығарылды

  • Read 297 times
Астананың 20 жылдығына арналған коллекциялық монеталар шығарылды

Ұлттық банк елорданың 20 жылдығына орай арнайы коллекциялық монеталарын айналымға шығарды.

Ертеңнен бастап қолданысқа енетін номиналдар саны үшеу болады. Мәселен, таралымы 30 мың дана 100 теңгелік тиын мельхиор қоспасынан, ал 500 және 5000 теңгелік монеталар 925-сынамды күмістен жасалған. Соңғысының салмағы 1 келіге тең. Монеталардың бет жағында Қазақстан Республикасының Елтаңбасы бейнеленген. Коллекциялық монеталар отандық банк шоттарына аудару мен айырбастау үшін де қабылданады.

back to top
Хабар 24 телеарнасы