365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордалықтар 20 шақырымдық дуатлон сайысына қатысып жатыр

  • Read 251 times
  • Media
Елордалықтар 20 шақырымдық дуатлон сайысына қатысып жатыр

Астананың 20 жылдығына арнап елордалықтар 20  шақырымдық дуатлон жарысына қатысты.

Аталған турнир елорда күні қарсаңында төртінші рет ұйымдастырылып отыр. Биылғы шараға 450-ге жуық қала тұрғыны мен қонақтар қатысты. Дуатлонда бақ сынағандар арасында кәсіби спортшылармен қатар әуесқойлар бар. Ең егде қатысушының жасы 74-те. Мұнымен қоса спорттық шараға қалалық әкімдіктің шенеуніктері де атсалысты. Турнирдің алғашқы кезеңінде спортшылар 5 және екі жарым шақырым жүгіріп өтіп, одан кейін 20 шақырымды велосипедпен еңсеру керек. Жарыстың жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталады.

Болат Мажағұлов Астана қаласы мәдениет басқармасының басшысы:

- Жыл сайын дуатлон жарысына қызығушылық артып келеді. Өткен жылы 350 адам қатысса биыл тіркелгендер саны 400-ден асты. Мемлекет басшысы спорттық эстафетаны қолдап, «Сенің жаңа қырың!» челленджын үндегенін білесіздер. Бұл шара да сол бастама аясында өтіп отыр. ал ең бастысы биылғы дуатлон Астананың 20 жылдығына арналады.

Media

back to top
Хабар 24 телеарнасы