365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанаға балеттің хас шеберлері жиналды

  • Read 257 times
Астанаға балеттің хас шеберлері жиналды

Астанада балет мерекесі басталды.

Елордаға әлемдік балеттің хас шеберлері жиналды. Осымен екінші мәрте ұйымдастырылған Eurasion dance Festival атты халықаралық шараның бағдарламасы ауқымды. Мысалы, бүгін елордалық көрермен классика жауһары саналатын «Жизель» премьерасын тамашалады. Бұдан бөлек биыл хореография өнерін бағалаушылар Испанияның әйгілі Castro Romero ұжымының, Қытай, Словения, Португалия, Голландияның ұлттық балетін, Ресейдің Үлкен театр әртістерінің өнерін тамашалай алады. Бұл әйгілі балет труппаларының дені бұрынғы Кеңес одағы елдерінің сахнасында бұрын-соңды өнер көрсетпеген. Фестивальге Абай атындағы Мемлекеттік опера және балет театр ұжымы мен «Астана Балет» театрының жетекші солистері қатысады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, қойылым билеттері күні бұрын сатылып кеткен, сондықтан сөзсіз аншлаг күтілуде.

Алишер Хасанов фестивальдің қоюшы-режиссері:

- Бұл – қазақстандық көреремен үшін әлемдік балет шеберлерінің өнерімен танысу үшін таптырмас мүмкіндік. Шетелге барып көру кез келген адам үшін қолжетімді емес. Балет өнерінің мәні сол. Қойылымды сахнадан өз көзіңмен көру. Әлбетте, келген қонақтар да халқымыздың мәдениетімен танысып біліседі.

back to top
Хабар 24 телеарнасы